Кәсіподақ мүшелері арасында бильярд жарысы өтті

Наурыз мейрамы аясында «Senim Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Астана қалалық филиалы бильярдтан турнир ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру болды.


Филиал төрағасы Гүлмира Мұстафаеваның айтуынша, турнир жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар белсенділік танытты. Тартысты өткен сайыс нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:


І орын – Көпсалалы медицина орталығының қызметкері Жаңабай Жұмағазин;
ІІ орын –Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының өкілі Нұрлан Рахымжанов;
ІІІ орын – Көпсалалы медицина орталығының қызметкері Данияр Самбетбаев.


Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше белсенділік танытқан бірқатар кәсіподақ мүшелері алғыс хаттармен марапатталды. Аталған турнир Наурыз мейрамының мән-маңызын арттырып қана қоймай, ұйым қызметкерлері арасында ынтымақтастық пен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосты.