ҚРКФ Төрағасы мен Ақтөбе облысының әкімі өңірдегі әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады

Дүйсенбі күні, 30 наурызда, Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар өңірдегі әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын талқылап, оның мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы ынтымақтастықты құрудың тиімді құралы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Әлеуметтік-еңбек саласының мәселелеріне: жалақы деңгейін көтеруге, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға және кәсіпорын қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдіктер жүйесін нығайтуға ерекше назар аударылды.

Тараптар еңбекшілердің өмір сүру сапасын арттыруға және өңірдің тұрақты дамуына бағытталған ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

ҚРКФ Кәсіподақтық коммуникация орталығы