“Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының” еңбек нұсқаушысы
Даурен Рахметоллаұлы– еңбек тәрбиесін жай ғана оқу үдерісі емес, балалардың әлеуметтік бейімделуі мен өзін-өзі жүзеге асыруының маңызды құралы деп білетін педагог. Ол өз қызметінде тәлімгер, шебер және психолог рөлдерін ұштастыра отырып, тәрбиеленушілерге көркем еңбек арқылы өз күшіне сенім табуға көмектеседі.Біліктілігін тұрақты түрде жетілдіріп, инклюзивті білім беру бағытындағы семинарлар мен тренингтерге белсенді қатысады.

Балаларды әртүрлі материалдармен және құралдармен жұмыс істеуге үйретеді, бұл олардың ұсақ моторикасын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және логикалық ойлауын дамытуға ықпал етеді.
Болашақта тәрбиеленушілердің қоғамда өз орнын тауып, барынша дербес болуына көмектесетін базалық кәсіби құзыреттерді қалыптастырады.
Шеберханада әр бала өз еңбегінің нақты нәтижесін көріп, өзін табысты сезінетін қолдаушы орта қалыптастырады.
Даурен Рахметоллаұлы әр баланың мүмкіндігі шексіз екеніне сенеді, тек дұрыс тәсіл табу қажет деп есептейді. Оның сабақтары – тек қолөнерді меңгеру ғана емес, сонымен қатар тәртіптілікке, табандылыққа және ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
«Біздің балалар үшін еңбек – дербес өмірге бастар көпір. Менің міндетім – сол көпірді берік етіп, одан өту жолын қызықты әрі шабыттандыратын ету».
Даурен Рахметоллаұлының сабырлылығы мен жоғары кәсібилігінің арқасында Орталық тәрбиеленушілері айтарлықтай жетістіктерге жетуде: қарапайым тұрмыстық дағдыларды меңгеруден бастап, күрделі шығармашылық бұйымдар жасауға дейін. Оның еңбегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қазіргі әлеуметтік ортаға сәтті бейімделуіне тікелей ықпал етеді.
Жоғары коммуникативтік дағдыларға ие: педагогикалық ұжым арасында құрметке бөленген және балалармен оңай тіл табысып, сенімді қарым-қатынас орната алады.
Даурен Рахметоллаұлы– өз ісіне адал, жоғары кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеттері үйлескен педагог. Оның еңбегі ұжым үшін де, тәрбиеленушілер үшін де зор құндылық болып табылады.
