Кәсіподақ конференциясы: еңбек құқықтары мен даму жоспары

Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Астана» қалалық филиалының мүше ұйымы – «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағында жылдық есептік конференция өтті.

Конференция жұмысына кәсіпорын басшылығы, құрылыс саласы мен ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілі, сондай-ақ жергілікті кәсіподақтың белсенді мүшелері қатысты.

Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ербол Шапатин есептік кезеңде атқарылған жұмыстарды, қол жеткізілген нәтижелерді егжей-тегжейлі айтып, алдағы жылға негізгі міндеттерді белгіледі.

«Астана» қалалық филиалының төрайымы Тлеулес Мадьярова қатысушыларды ҚР Кәсіподақтар федерациясымен жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы және кәсіподақ қозғалысын дамытудың негізгі бағыттары жөнінде баяндады. Ол алдағы уақытқа бағдар жасау қажеттігін айта келе, цифрландыру арқылы кәсіподақ қызметін тиімді ұйымдастыруға және мүшелермен байланыс пен әлеуметтік әріптестікті нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашылатынын жеткізді.

Жиында жергілікті кәсіподақты дамыту мен оның қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы рөлін күшейтуге арналған қадамдар белгіленді.