27-28 сәуірде Ташкентте Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Алдағы іс-шараның күн тәртібіндегі мәселелерді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Кудратилла Рафиков талқылады.
Айта кету керек, биыл Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесіне (ОАЕКК) Өзбекстан тарапы төрағалық етеді.

Тараптар Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесі бес жылдық даму жолы қатысушы елдердің кәсіподақтық бірлігі қаншалықты тиімді екенін және аймақ еңбекшілерінің құқығын қорғауда ортақ тәсілдердің қажеттілігін дәлелдегенін атап өтті.
Орталық Азия елдері кәсіподақтар кеңесі ұлттық және халықаралық деңгейдегі сындарлы әлеуметтік диалогтың танымал алаңына айналды. ОАККК қызметі Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) және Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы (ХКК) секілді ұйымдармен серіктестікті дамытудың маңызды көрсеткіші болды. Біз ХЕҰ-да ОАККК-ның Консультативтік мәртебесін алу туралы бастама көтердік, қазір бұл мәселе қаралып жатыр. Жалпы, сәуір айының соңында қабылданатын шешімдер бірлестігіміздің дамуындағы жаңа кезең болмақ
«Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесі кеңесі ұлттық және халықаралық деңгейдегі сындарлы әлеуметтік әріптестіктің танымал алаңына айналды. ОАЕКК қызметі Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) және Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясымен (ХКК) ынтымақтастықты дамытудың маңызды көрсеткіші болды. Біз ХЕҰ-да ОАККК-ның Консультативтік мәртебесін алу туралы бастама көтердік, қазір бұл мәселе қаралып жатыр. Жалпы, сәуір айының соңында қабылданатын шешімдер бірлестігіміздің дамуындағы жаңа кезең болмақ», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.
Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Кудратилла Рафиков Ташкенттегі ОАЕКК отырысы аясында жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді.
«Қалыптасқан дәстүр бойынша, Кеңес отырысына орай кең ауқымды бағдарлама әзірленді. Біз жаңартылған Жарғы жобасын, алдағы кезеңге арналған қызмет жоспарын, сондай-ақ Кеңестің тұрақты штаб-пәтерін құру мен ұйым бюджетін қалыптастыру мәселелерін талқылаймыз», — деді Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Кудратилла Рафиков.

Кеңес отырысы барысында ОАЕКК қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері қаралады, сондай-ақ қатысушы елдер өз мемлекеттеріндегі үшжақты әлеуметтік диалогты дамытудың тәжірибесімен бөліседі деп жоспарлануда. Сондай-ақ Кеңес отырысы аясында Кеңеске мүше командалар арасында шағын футболдан мерейтойлық V ОАЕКК Кубогы өтеді.
Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіподақ көшбасшылары екі мемлекеттің ұлттық кәсіподақ орталықтары арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ерекше атап өтті.
ҚРКФ Кәсіподақтық коммуникация орталығы
