Кәсіподақ ұйымының есебі тыңдалып, жаңа жоспарлар белгіленді

Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Астана» филиалына қарасты «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымында жыл қорытындысы бойынша есеп беру конференциясы өтті.

Іс-шараға кәсіпорын басшылығы, кәсіподақ мүшелері және шақырылған қонақтар қатысты. Есептік баяндамалармен кәсіподақ комитетінің төрағасы Шынар Тоқтарбаева мен салалық кәсіподақтың елорда филиалының төрағасы Тілеулес Мадьярова сөз сөйледі.

Өз баяндамаларында олар атқарылған жұмыстарды қорытындылап, қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады.

Әсіресе қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және кәсіподақ қызметіне цифрландыруды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл өз кезегінде кәсіподақ мүшелерімен жұмыстың тиімділігін арттыруға және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Конференция қорытындысы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланып, ағымдағы жылға арналған басым бағыттар белгіленді.