Шымкент топырағында дүниеге келіп, туған қаласының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген Қымбат Мәдікәрімқызы Көбеева – өз ісінің нағыз маманы. Оңтүстік мегаполистің еңбекқорлық пен ізеттілікке толы тәрбиесін бойына сіңірген ол саналы ғұмырын білім беру саласына арнап, бүгінде Энергетика және байланыс колледжінде білікті шәкірттер тәрбиелеп келеді. Өз өлкесінің патриоты ретінде Қымбат Мәдікәрімқызының әрбір жетістігі туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен кәсіби жауапкершілігінің айқын көрінісі іспеттес.

2005 жылы Қазақ-өзбек инженерлі-гуманитарлы университетін «Көпарналы телекоммуникациялық жүйе инженері» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін, алған білімін өндірістік ортада ұштастыра білді.
2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Энергетика және байланыс колледжінде» өндірістік оқыту шебері қызметін атқарып келе жатқан Қымбат Мәдікәрімқызы ұжымда үлкен беделге ие.
Ол жұмыс барысында өзін тәжірибелі басшы және ұқыпты маман ретінде көрсете білді. Оның жұмыс істеу қарқыны мен тапсырмаларды мінсіз орындау қабілеті әріптестері үшін әрқашан үлгі – өнеге болып табылады.
Жұмыс күнін тиімді жоспарлап, энергиясын маңызды істерге бағыттай білуі – оның кәсіби шеберлігінің бір көрінісі.
Қымбат Көбеева тек өз міндетін атқарып қана қоймай, жас мамандарға жол сілтеп, олардың біліктілігін арттыруға белсене атсалысатын сенімді тәлімгер.
Оның бойындағы еңбекқорлық, адалдық және жеке ұйымшылдық қасиеттері шәкірттері мен әріптестерінің шынайы ризашылығына бөленген.
Бүгінде ол өз тәжірибесін ортаға салып, білім ордасының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан білікті тұлға.
