ҚРКФ және Industriall Жаһандық одағы ынтымақтастықты нығайтуда

22 сәуірде Женева қаласына (Швейцария) жұмыс сапары аясында ҚРКФ Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған делегация IndustriALL жаһандық одағының Бас хатшысы Атле Хёйе және оның орынбасары Кемаль Озканмен кездесті.

Келіссөздер кезінде тараптар әріптестікті дамыту, қазақстандық кәсіподақтардың халықаралық іс-шараларға көбірек араласуы және әлемдік деңгейде еңбек құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы — еліміздегі еңбек адамдарының ең ірі қоғамдық ұйымы. Ол экономиканың негізгі салаларында жұмыс істейтін мыңдаған адамның мүддесін қорғайтын салалық кәсіподақтардың басын біріктіріп отыр.

Бүгінгі таңда ҚРКФ құрамындағы үш салалық кәсіподақ IndustriALL одағына мүше болып үлгерді, ал тағы екі салалық кәсіподақ қазіргі уақытта мүшелікке өту рәсімдерінен өтіп жатыр.

«Біз қазақстандық салалық кәсіподақтардың халықаралық кәсіподақ қозғалысына қатысуын дамудың ажырамас бөлігі деп санаймыз. Бүгінде еңбек әлемі технологиялар мен цифрландырудың әсерінен көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп келеді. Осы өзгерістердің орталығында әрқашан еңбек адамы, оның қауіпсіздігі мен ертеңгі күнге деген нық сенімі тұруы тиіс.  Кәсіподақтардың міндеті — бұл процестердің соңында жүру емес, оның белсенді қатысушысы болу. Еңбеккерлерді қорғау тек ұлттық міндет болудан қалып, ортақ жауапкершілікке айналуда. Халықаралық ынтымақтастықтың басты мәні де осында », – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

«Біз отандық кәсіподақтардың халықаралық қозғалысқа қатысуын дамудың ажырамас бөлігі деп санаймыз. Бүгінде еңбек саласы технологиялар мен цифрландырудың әсерінен көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп келеді. Осы өзгерістердің орталығында әрқашан еңбек адамы, оның қауіпсіздігі мен ертеңгі күнге деген нық сенімі тұруы тиіс. Кәсіподақтардың міндеті — бұл процестердің соңында жүру емес, оның белсенді қатысушысы болу. Жұмысшыларды қорғау тек бір елдің ғана шаруасы емес, бұл — ортақ жауапкершілік. Халықаралық ынтымақтастықтың басты мәні де осында», — деді Сатыбалды Дәулеталин.

Кездесуде тараптар өзара іс-қимылдың басым бағыттарын, соның ішінде еңбек қатынастарын жаһандану талаптарына бейімдеу, әділ көшу қағидаларын жүзеге асыру, жасанды интеллект пен цифрлық платформалардың жұмыс орындарына әсерін реттеу, гендерлік теңдікті сақтау және жастарды кәсіподақ жұмысына тарту.

IndustriALL басшылығы Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының халықаралық еңбек стандарттарын енгізудегі тәжірибесіне жоғары баға берді. Әсіресе, Халықаралық еңбек ұйымының №131, №176 және №190 конвенцияларын қабылдау, еңбек қауіпсіздігін жақсарту бағытындағы және климаттық ,әлеуметтік саясатты қалыптастыруға қатысу бойынша  атқарылған жұмыстарға  ерекше назар аударылды.

«Қазақстан кәсіподақтарының IndustriALL қатарына қосылуы біздің жаһандық желімізді нығайта түседі. Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының еңбек стандарттарын ілгерілету және жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы диалогты дамытудағы тәжірибесі халықаралық кәсіподақ қозғалысына қосылған үлкен үлес», — деп атап өтті IndustriALL Бас хатшысы Атле Хёйе.

Кездесу соңында Сатыбалды Дәулеталин IndustriALL басшыларын Қазақстанға келуге шақырды. Бұл сапар Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүшелік ұйымдарының қызметімен жақыннан танысуға және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

IndustriALL жаһандық одағы — әлемнің 140 елінен 50 миллионға жуық жұмысшының басын біріктіретін ұйым. Ол тау-кен өндірісі, мұнай-газ, энергетика, металлургия, машина жасау, химия, тоқыма және басқа да маңызды өнеркәсіп салаларындағы жұмысшылардың мүддесін қорғайды.  Бұл ұйым кәсіподақ институттарын нығайтуға, стандартты емес жұмыспен қамту түрлеріне қарсы тұруға, өнеркәсіптік саясатты ілгерілетуге және әлеуметтік әділеттілік, инклюзивтілік пен тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырады.

ҚРКФ Кәсіподақтық коммуникация орталығы