Павлодарда жұмысшылардың құқығы қорғалды

Павлодар қаласындағы өндірістік кәсіпорынның жиырма бес бұрынғы қызметкері Павлодар облысындағы Заң клиникасына құқықтық көмек сұрап жүгінді. Бұған жұмыс берушінің зиянды еңбек жағдайлары үшін берілетін кәсіби төлемді төрт айдан астам уақыт бойы төлемеуі себеп болған.

Жиырма бес қызметкер бірігіп, кәсіпорын үстінен Павлодар қалалық сотына арыз түсірді. Алайда, талап арыз тиісті деңгейде рәсімделмегендіктен, сот оны кері қайтарған.

Павлодардағы Кәсіподақтар үйінің мамандары жұмысшыларға кәсіпорын ішіндегі келісім комиссиясына қажетті құжаттарды сауатты толтыруға көмектесті. Сонымен қатар, екі тарапты мәмілеге келтіру үшін кәсіпорын басшылығымен келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылданды.

Кәсіби медиатордың қатысуымен өткен осы кездесулер сәтті аяқталып, екі жақ ортақ тіл табысты. Нәтижесінде, қызметкерлер сот табалдырығын тоздырмай-ақ, тиесілі барлық ақшасын толық алды.

Осылайша, еңбек дауларын сотқа жеткізбей шешу – кәсіподақтардың басты мақсаты екені іс жүзінде дәлелденді.