Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Мейірханның төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға кәсіподақтар, мемлекеттік органдар және жұмыс берушілер өкілдері қатысты.
Отырыста қаладағы міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың төлену жағдайы қаралды. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары А. Нұрлыбековтың мәліметінше, есепті кезеңде міндетті зейнетақы жарналары бойынша мен әлеуметтік аударымдар бойынша елеулі берешек қалыптасқан. Берешектің басым бөлігі заңды тұлғаларға тиесілі.
Спикердің айтуынша, берешекті өндіріп алу мақсатында мемлекеттік кірістер органдары тарапынан тиісті шаралар қабылдануда. Қарыз сомасына сәйкес банктік шоттарға шектеу қойылып, шығыс операциялары тоқтатылады.

Өз кезегінде, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Е. Исмағұлов еңбек қатынастары саласындағы ахуалға тоқталды.
Оның айтуынша, ақпараттық жүйелер деректерін салыстыру нәтижесінде көптеген кәсіпорындарда еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналары бойынша сәйкессіздіктер анықталған. Атап айтқанда, бірқатар кәсіпорындарда зейнетақы жарналары аударылғанымен, еңбек шарттары тіркелмеген, ал кейбірінде керісінше жағдай орын алған.
Бұл жағдайлар еңбек құқықтарының бұзылу тәуекелдерін көрсетеді. Оның ішінде жалақы бойынша берешек, есептілікті бұрмалау, сондай-ақ еңбек қатынастарын заңсыз рәсімдеу фактілері бар.
Жиын қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға анықталған бұзушылықтарды жою, еңбек қатынастарын заңдастыру және әлеуметтік төлемдердің толық әрі уақытылы төленуін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
