Ағымдағы жылдың 19 маусымы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның алты мыңнан астам ұжымы үшін айтулы күн болды. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюнжэнь және кәсіподақ төрағасы Ж.Н.Күзембаев алдыңғы төрт жылда тараптардың міндетін анықтаған ұжымдық шартқа қол қойды.
Бұл ұйымның құрылған кезінен бері сегізінші ұжымдық шарт, ҚР жаңа Еңбек Кодексінің және 2017-2019 ж.ж. мұнай-газ, мұнай өңдеу мен мұнай-химия салаларындағы Салалық Келісімнің нормаларын ескерді. Ал, ҚРҚФ Бас Кеңесінің және салалық комиссияның мүшесі Ж.Н.Күзембаев басшылық ететін кәсіподақ бұрынғы бар жеңілдіктерді сақтап қана қоймай, жаңасына қол жеткізу туралы келісімді іске асырды.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздікке, Өндірістік Кеңес жұмысын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды, жұмыс істемейтін майталмандарға ай сайынғы жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды, вахталық және кезекпен істейтін қызметкерлердің еңбекақысы Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні екі еселенген мөлшерде беріледі.
Ұйымның әкімшілігі компания тарихында алғаш рет жыл сайынғы медициналық тексерістер қорытындысы бойынша диспансерлік есепте тұратын қызметкерлеріне ҚР шипажайларына жеңілдік жолдамаларын арнаулы алу үшін кәсіподақ есебіне жыл сайын 50 млн теңгені аударып отыруға міндеттелді. Бұл ретте Жаңажол және Кеңқияқ кен орындарында жұмыс істейтіндердің денсаулығын жақсарту басымырақ. Осылайша тараптар «Дені сау қызметкер – еңбектегі сәттілік кепілі» қағидасын жүзеге асырады.
Ұжымдық шартқа мұнай-газ саласындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы 20 жылдық өзара серіктестікті мерекелеу, сондай-ақ, Қазақстан кәсіподақтары күніне қатысты іс-шаралар қарсаңында қол қойылды.