Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отанымыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек. Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол, егер біз өмір сапасының әлемдік жоғары үлгі-қалыптарына жетеміз десек, онда соған сәйкес еңбек ету қажет. Сондықтан да тәртіп пен еңбек сапасы айрықша маңызға ие болуда».
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Бақытты бала» жобасы аясында «Сырғалым» әдептілік клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Он саусақ» шеберлік класы өтті.
Шеберлік класының мақсаты: жасөспірім қыздарды әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, шеберлікке баулу, қолөнер шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру.
Шеберлік класында өз өнерлерін көрсетіп, сонымен қатар клуб жетекшісімен бірлесе жұмыс жасаған №36 жалпы білім беретін орта мектебінің 10 «ә» класының жасөспірім қыздары.
Клуб жетекшісі тоқыма тоқудан, түрлі түсті қағаздардан неше түрлі бұйымдарды жасау әдістерін көрсетті. Шараға қатысушы Аружан Амангелді және Мөлдір Мендібаева шеберлік класс барысында өз шеберлігін көрсетіп, жетекшінің бағытымен күнделікті үй жағдайында пайдаланатын салфеткіден әдемі роза гүлдерін жасап, жақсы көңіл күй сыйлай білді.
Үйірме барысында кітапхананың жас мамандары: Зейнекен Аяулым Саят Әбеновтің «Қазақ қызы тыңдашы», Сұлтанбекова Лаура «Анаға» атты өлеңдерін оқып, қыздар үшін бұл өлеңдердің астары, мағынасы бар екенін айтып өтті. Қыз бала қоғамдағы маңызды иеге зор тұлға болып саналғасын, қызды қырық үйден тыю мақсатында керісінше қоғамға пайдалы іспен айналысып, үйірмелерге қатысып, алдыңғы қатарлы азаматша болу керек екені шеберлік класс барысында айтылды. Клуб жетекшісі қыздарға тоқыма тоқуды, түрлі түсті қағаздардан өз қиялдарына қарай өрнектеп күнделікті өмірге пайдаланатын бұйымдар дайындады. Және жасаған бұйымдарын клубтың бұрышына естелікке қалдырды.
«Шебердің қолы ортақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы библиографиялық шолу жасады.Сонымен қатар оқушыларға тақырыпқа сай сән үлгісінде, бірнеше шеберлік кластың топтамасынан тұратын видео роликтер көрсетілді. Шара соңында кітапханашы жас маман Ақниет Көшербайқызының орындауында «Бақытты әйел» әні шырқалып, естелікке суретке түсіп, шеберлік класс өз дәрежесінде өтті.