Сыр кәсіподақтары Мерке, Манкент шипажайында

Қызылорда облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің іс-жоспарына сәйкес қараша айының 07- 09 аралығында Мерке, Манкент шипажайларында семинар ұйымдастырылды.

Мақсаты: сала қызметкерлерінің денсаулығын нығайту, демалысын тиімді ұйымдастыру және шипажай орындарымен таныстыру

Семинарға облыстық білім, денсаулық, мәдениет және мұнай салаларының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларынан тұратын 50 қәсіподақ белсенділері қатысты.

Бағдарламаға сәйкес шипажай директоры Сүлейменов Асхат басқаратын ұжым қызметкерлерімен шипажай жұмысымен және алдағы уақыттағы жоспарларымен таныстырды. Кәсіподақ мүшелерінің жаңартылған ғимаратта ем қабылдап, саумал терапия процедурасының қосылғанын семинар қатысушылары ризашылықпен қабылдады.

Семинардың әр кеші мәдени шараларымен қорытындыланды және қатысушылар алған әсерлерін білдіретін түрлі жанрда өнерлерін көрсетіп, қорытындысы бойынша Мерке шипажайы жайлы үздік эссемен көркемсөз арнаған бастауыш кәсіподақ төрағалары Көптілеуова Света, Қыстаубаев Ақылбек, Нысанбай Мақсатхан марапатталды.

Семинардың үшінші күні «Манкент» шипажайында жалғасты. Онда семинар қатысушылары шипажай басшылығымен кездесіп, жаңа қызмет түрлерімен, атап айтқанда сумен емдейтін бассейн, сауналардың 3 түрімен, тамақтану залдары мен ас мәзірімен танысты. Кәсіподақ төрағаларына Манкент шипажайының ерекше ұнаған тұсы жанұялық жолдамаға жақсы жағдай қарастыратыны.

Жақсы әсермен қайтқан кәсіподақ белсенділері Мерке, Манкент шипажайының ұжымына алғыстарын білдірді.