Түркістан облыстық мәдениет саласы кәсіподағымен Түркістан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы даланың – дара тұлғасы» атты іс-шарасы өтті.
Аталмыш іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қала қонақтары, қарттар мен мен Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындардың студенттері, өнер мен әскери-техникалық мектептердің оқушылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада «Елдің бағы Елбасы» атты көрме жасақталып, тақырыптық экскурсия жүргізілді. Көрмеде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың отбасымен және іс-сапарларда түскен фотосуреттері қойылған.
Сонымен қатар, өзге елдердің Президенттерімен дипломатиялық қарым-қатынас кезінде түскен фотосуреттері және 40-қа жуық шетелдерден алған марапаттарының жиырмасы қойылған.
Іс-шара қонақтарының назарына өнерлі жастардың атсалысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.