Тұңғыш Президент күнімен құттықтау

Құрметті достар!

 

Баршаңызды еліміздің тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тұңғыш Президент институты бүгінгі күрделі заманда еліміздің Тәуелсіздігінің негізгі кепілі, болашақтың іргетасы.

Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырды, елдің болашағын айқындап, экономиканың өрлеуіне ұйытқы болды, тәуелсіз елімізді дүниежүзіне танытты.

Президент институты – еліміздегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын қарышты дамытудың өзегі.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы еліміздегі төмен жалақыны екі есеге арттыру шешімі Еңбек адамының тұрмыс деңгейін өсіре отырып, 1 миллион 300 мың адамның әлеуметтік дәрежесін арттырады!

«Педагогтың мәртебесі» жөніндегі заң – жастардан рухани толысқан, замана талабына кемелденген адам тәрбиелеуіміздің басты шарты.

Яғни, еліміздегі лайықты еңбек философиясы Президент институтымен етене байланысты!

Осы атаулы мереке күні баршаңызға жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер, игілік тілеймін.

Бақытжан Әбдірайым

ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы