2017 жылғы 28 шілдеде Федоров ауданында Қостанай облысы мемлекеттік банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподақ филиалының көшпелі төралқа отырысы өтті. Төралқа қатысушылары «Қарлығаш» балабақшасы, қарттар мен мүгедектер үйі, ОАКЖ бастауыш кәсіподақ ұйымдарында болды. Қостанай облысы мемлекеттік банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Р.Гайсенова 2017 жылдың І жартыжылдығындағы облыстық кәсіподақ ұйымының қызметі туралы мәлімдеді. Федоров ауданы кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы есеппен З.Шашкова сөз сөйледі. Пікірталасқа ауылдық өңір әкімдері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау инспекторлары қатысты.
Федоров ауданы кәсіподақ ұйымының тәжірибесін басқа аудандарға жинақтау және тарату туралы шешім қабылданды. Кәсіподақтың белсенді мүшелері, соның ішінде, қауіпсіздік техникасы инспекторлары, бастауыш кәсіподақ төрағалары облыстық салалық кәсіподақ ұйымының мадақтамасы мен алғыс хаттармен марапатталды.