Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығында кезекті Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті.
Кеңестің барлық мүшесі қатысқан отырыстың күн тәртібінде, 2018 жылдың 23 қарашасында өткен Казақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Атқару Комитетінің отырысында қаралып бекітілген, ҚРКФ кезектен тыс ХХV съезінде Қазақстан Республикасындағы кәсіподақтар қозғалысын әрі қарай дамытуға қатысты қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР жоспарындағы мәселелерді орындау мақсатында тиісті бағыттар айқындалды.
Сондай –ақ «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай әр сала бойынша іс-шара ұйымдастырып, өткізу мәселесі қаралды. Сонымен қатар, аймақтағы салалық кәсіподақ ұйымдарының ағымдағы жылы атқарған жұмыстары да талқыланды.