Бүлдіршіндердің қуанышы мыңнан қымбат

28 желтоқсан күні  Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы қызметкерлері Тараз қаласындағы «Үміт» балалар үйіне арнайы барып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Бұл үйде 60 бала тәрбиеленуде. Бабаларымыздың «Жетім көрсең, жебей жүр» деген аталы сөзін жадымыздан шығармай, ата-анасының қамқорлығынан айырылған жәудіркөздерге сыйлық тартулары таратылып, бір қуаныш сыйлаған кәсіподақ өкілдері мұндай қайырымдылық шараларына ерекше мән беретіндерін атап өтті.

Кәсіподақтар орталығының төрағасы Мейрамбек Төлепберген Жаңа жылдық шырша басында балаларға ізгі тілек айтып, жас өрендердің өнерін тамашалады.

«Үміт» балалар үйі бас дәрігерінің міндетін атқарушы Алтыншаш Алишери кәсіподақ өкілдерінің жетім-жесір балаларға көңіл бөліп, құттықтаған жолына алғыс білдірді.