29 желтоқсанда төменгі деңгейде жалақы алатын санаттағы қызметкерлердің жалақысын көтеруді мониторингілеу бойынша аймақтық штаб отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың ал-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру Қазақстан халқына Жолдауында берілген міндеттемелерді жүзеге асыру барысы бойынша төменгі деңгейде жалақы алатын облыс көлеміндегі мекемелер мен кәсіпорындардағы қызметкерлердің саны, 2019 жыл басынан жалақыны көтеруді қолға алған мекемелер тізбесі, ақпараттық жұмыстар барысы талқыланды. Штаб отырысында Қызылорда облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы С.Сермағамбетов «Халықтың әл-аухатының өсуі мақсатында мекемелер мен кәсіпорындарда Кәсіподақ ұйымдарын құру арқылы Ұжымдық Шарттарда еңбек және әлеуметтік мәселелерді шешу туралы» хабарлама жасады. С.Сермағамбетов меншік түріне қарамастан барлық жұмыс орындарда жұмыскерлердің табысының еңбек жағдайлары үшін шығындалмауы бағытындағы шаралар қабылдануы туралы ұсыныс білдірді. Атап айтқанда, ұжымдық шарттарда еңбек жағдайына қажетті еңбек қауіпсіздігі құралдары, арнайы киімдер, қорғаныш құралдарын жұмыс берушілер тарапынан қамтамасыз етілуі туралы мәселелер қаралуы, өндірістердің сипаты мен жұмыс жағдайларына қарай жұмыскерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуді және жұмыс орынына тасымалдауды жұмыс беруші тарапынан ұйымдастырылуы, сонымен қатар, медициналық тексеруді талап ететін мекеме қызметкерлерінің тексеруден өтуін жұмыс беруші тарапынан жүргізілуі қамтылуы. Штаб төрағасы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов аталған мәселенің өзекті екендігін айта келе, шұғыл орындалуға тиісті шараларды нақтылады.