«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, «Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы» және «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Шымкент қаласының білім басқармасы бірлесе мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен және құрылтайшыларымен ұйымдарда бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу, еңбек қатынастарын реттеу, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, сондай-ақ Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ең төменгі жалақыны көтеру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов «Кәсіподақтың қажеттілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмысберушілердің жұмыскерлер алдында жалақы қарыздарын болдырмау мәселелері және ең төменгі жалақыны көтеру туралы», ал дауларды шешу және медиация жұмыстары туралы «Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы» және «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша өкілдігінің директоры Л.Ақшегірова, халықаралық кәсіби медиатор Г.Сейдазова хабарламалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Аталған жиынға қатысқан Шымкент қалалық білім басқармасының бөлім басшысы П.Бектаева сұрақтар туындаған жағдайда кәсіподақтар орталығы мен медиция орталығына тікелей баруына және байланысуына болатындығын хабарлап, кәсіподақтар орталығы мен медиция орталығы өкілдеріне жиынға қатысушылар атынан алғысын білдірді.