Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Ең төменгі жалақыны көтеру жөнінде, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмысберушілердің жұмыскерлер алдында жалақы қарыздарын болдырмау мәселелері» туралы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы бірлесе Түркістан қаласында 2019 жыл 13 ақпан күні қаладағы кәсіпорындар мен мекемелер қызметкерлерімен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов «Ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмысберушілердің жұмыскерлер алдында жалақы қарыздарын болдырмау мәселелері туралы», Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Б.Нұрмаханов, бөлім басшысы Д.Сиқымбай Жолдауға сәйкес «Ең төменгі жалақыны көтеру жөнінде» хабарламалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен олардың құрылтайшылары тарапынан жалақыны көтеруде әлі де шешуді қажет ететін өзекті мәселелер бар екендігін анықталды.
Осыған байланысты Түркістан қаласының әкімдігі оны бірлесе қарап, шешу мүмкіндіктерін қарастыратын болды.