Асуды бағындырған – арулар

8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай Түркістан облысының ақпараттандыру мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының және Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінде «Асуды бағындырған – арулар» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қоғам қайраткерлері, кенес үкіметі кезінде партия қызметін атқарған ғылым-зоотехник, 92 жастағы тыл ардагері Н.Н.Лычагина, «Восход» тігін фабрикасының бас директоры Г.А.Байгарина, комсомол, партия, кеңес қызметкері, ҚР Парламент Сенатының депутаты С.Ж.Барахова, комсомол, партия қызметкері, Сарыағаш аудандық партия комитетінің хатшысы Н.Б.Ташимбетова, комсомол, партия қызметкері А.Т.Хакимова және бір қатар қоғам қайраткерлері мен партия қызметкерлері, архив басшылары, М.Әуезов атындағы ОҚМУ–нің тарих факультетінің студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде басқарма басышысы Б.А.Есқараев пен Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы К.А.Есебаева аяулы аналарды мерекемен құттықтап, алдыңғы буын апаларымыз сияқты, Қазақстан мемлекетінің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар кәсіподақ мүшелерін Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Берекелі шаңырақ иелері, аяулы аналарға арнайы сый-сияпаттар табысталды.

Студенттер аналарға арнап күйлерін шертіп, әндерін шырқады.