Әдеп кеңесінің кезекті отырысы

2019 жылғы 18 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысына Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, «Шымкент қаласы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов қатысып тиісті ұсыныстарын беріп, тәртіптік ісі қаралып жатқан қызметкерлерге сұрақтарын қойды.

Аталған кеңесті департамент басшысы А.Көмекбаев басқарып жүргізіп, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің тәртіптік істері қаралды.