АЛҒЫС АЛҒАН АРЫМАС !

Алғыс айту!!!
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының тағлымы зор, берекесі мол  ерекше атқарған бір шарасының куәсі болдым.

24-ші наурыз күні 50 жыл кәсіподақтың ең бастауыш ұйымында мүлтіксіз бір жерде қызмет істеген Күлзайра Шарипованың 80 жасқа толуына арналған шара өткізілді. Онда Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтарының басшысы Мейірxан Тлеубаев мырза республикалық Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы абзал азамат, Отан патриоты Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайымның құттықтау хатын кәсіподақ белсендісіне тапсырып, демалыс орынына жолдама сыйлады.

Халық  қарапайым адамның атқарған жұмысына қолдау көрсеткен Кәсіподақтар федерациясының басшысының  игілікті бастамасын өте жылы қабылдап, алғыстарын жаудырды.

Бұл дегеніңіз кәсіподақтың қарапайым еңбек адамдарына деген шынайы қамқорлықтары мен үлгілі азаматтық іс-қимылдары деп санаймыз!!

Сəдібек Түгел (Фейсбук парағынан алынды)