Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақтар университетінің Алматы филиалы студенттері өз кәсіподағын құрды. Ағымдағы жылы алғашқы құрылтай жиналысы болды.
Ұзақ уақыт ойда болған студенттік кәсіподақ ұйымын құру идеясы жүзеге асырылды. ЖОО-ның белсенді студенттері қатарынан ұйымдастырушы комитет әзірленіп, бір ай көлемінде филиалдың 5 дайындама бағытындағы студенттер арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Ұйымдастырушы комитет мүшелерімен кездесу аясында «Парасат» кәсіподақ төрағасы Д.Жанатаев басқа ЖОО-ның студенттік кәсіподақтарымен жұмыс жасау барысы туралы айтты.
СПбГКУ АФ директоры Т.Баталова студенттерге ҚР кәсіподақтар Федерациясы мен ЖОО филиалдарының өзара тығыз қарым-қатынасы жайлы мәлімет берді.
Құрылтай жиналысының төрайымы болған Г.К.Аблаева өз сөзінде мемлекет келешегіндегі жастар рөліне ерекше назар аударды. «Жастар – біздің стратегиялық резервіміз. Бүгінгі таңда жастар алдыңғы орындарда болуы тиіс және үлкен істерден артта қалмағаны жөн. Сіздер өз көзқарасыңызға ие болуыңыз және шешім қабылдай отырып, әрекет ете білулеріңіз қажет. Кәсіподақ сіздерге осындай мүмкіндік береді, яғни, оқудағы жастардың мәселелерін анықтап, алаңдататын күрделі сауалдарды шешу құқығына ие боласыздар».
Студенттер арасында пікір алмасудан кейін СПбГКУ АФ бастауыш студенттер кәсіподақ ұйымын құру және «Парасат» кәсіподағына кіру туралы Қаулы қабылданды. Сондай-ақ, студенттік кәсіподақтың тексеру комиссиясы мен кәсіподақ белсенділері сайланды.