Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақтар орталығы Ел Орда әкімінің қолынан тапсырылған тосын сыйлыққа ие болды

“Наурыз мейрамы” мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақтар орталығы киіз үй тігіп, халыққа 500 литр наурыз-көжені тегін таратып, қазақстандық КИНЭС кітабінің рекордың жанартты!

Оған қоса, қалын жұртқа кең дастархан жайып, палау, бауырсақ, шелпек-шәймен тойдырып, ұлттық дәстүрлермен таныстырып, әкімдік комиссияның көнілінен шықты. Нәтижесі: “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған “Астана Наурызы-2019” қалалық байқауының “ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ” аталымы бойынша Нұр – Сұлтан қаласы кәсіподақтар орталығы марапатталды!