ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ШИЕЛЕНІСТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ – УАҚЫТ СЫНДАРЫНА ЖАУАП

Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі бірге кеңейтілген кеңес өткізді.

Ұйымдардағы әлеуметтік және еңбек шиеленістерінің алдын-алу мәселелері талқыланды. Бұл мәселе өте өзекті болғандықтан, ұйымдастырушылар жұмыс берушілерді, қызметкерлерді және қала тұрғындарының өкілдерінен тұратын 100-ден астам адам шақырды.

Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев кәсіпорынның әлеуметтік және еңбек шиеленістерінің алдын-алу үшін елорда кәсіподақтарының қызметі туралы әңгімелеп берді. Атап айтқанда, қалалық үшжақты комиссияның мәжілістерінде еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленістің алдын-алуды қоса алғанда, қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік және экономикалық қорғалуына қатысты барлық мәселелер қаралғандығын көрсетті.

Қаланың үшжақты комиссиясы жанынан Еңбек дауларын алдын-алу және шешу жөніндегі кеңес құрылды, оған әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдері кіреді.

Әлеуметтік және еңбек шиеленісінің алдын-алуда кәсіподақ қоғамдық қабылдауы, «Келешек» жастар кеңесі белгілі бір рөл атқарады.

Кеңейтілген жиналысқа қатысушылар еңбек ұжымдарында әлеуметтік және еңбек шиеленістерінің алдын-алу, еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру, адам еңбегінің рөлін арттыру, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі жұмысты одан әрі күшейту бойынша ұсыныстар қабылдады.