Жамбыл облысы кәсіподақ орталығы Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен облыс әкімдігінің ішкі саясат Басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы бойынша «Еңбек дауларының алдын-алу және аймақтағы өзекті әлеуметтік мәселелерді анықтау Орталығының жұмысын ұйымдастыру» жобасын іске асыратын КЕҰ қауымдастығымен бірге «Керамик Инвест» ЖШС еңбек ұжымында семинар өткізді.
Жаңа еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы қарым-қатынас көп жағдайда ұжымдық келіссөздер ықтималдылығы мен жалдау, жұмыскерлерді кадрлық тағайындау және жұмыстан шығару, жұмыс уақыты, шарттар мен олардың еңбегін төлеу секілді салаларда олардың арасында бекітілетін келісімдер ықтималдылығын арттыру арқылы өзін-өзі реттеу қағидаларына негізделеді. Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасында жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлық тағайындау, жұмыстан шығару, жұмыскерлер еңбегін төлеу және еңбек шарттарын анықтау процедуралары жеңілдетілген. Бұл ретте жұмыскерлердің базалық еңбек кепілдері мен құқықтары және бекітілетін жеке, ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы оларды арттыру, сондай-ақ, олардың мүдделері мен құқықтарын қорғау құралдарын кеңейту мүмкіндігі бекітілген.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жетілдіру мақсатында кәсіподақтармен ұсынылатын жұмыскерлер қатарынан техникалық инспекторлар тағайындалды және еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөнінде өндірістік кеңес аясында олардың өкілдіктері қарастырылған. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөнінде өндірістік кеңес еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшін жұмыс беруші мен жұмыскер арасында біріккен жұмыстарды ұйымдастырады және де жұмыс орындарында еңбекті қорғау мен еңбек шарттарына тексерістер ұйымдастырады және көрсетілген тексеріс нәтижелері туралы жұмыскерлерді хабарландырады.