Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Маңғыстау облыстық қоғамдық штабының облыс аймақтарына үгіт-насихат сапарлары басталды.
Бірінші кезекте, 13 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды штабы Жаңаөзен қаласының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Делегация құрамында: облыстық қоғамдық штабтың басшысы, Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Киікбай Мынбайұлы Жаулин, төрағаның орынбасары Тельман Қамидоллаұлы Матаев болды. “Өзенмұнайгаз “АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Наурыз Өзбекұлы Сақтағанов, Еңбек ардагері, кәсіподақтың белсеңді мүшесі, Даулетов Марат Мугаллимұлы және облыстың жергілікті кәсіподақтарының басқа да төрағалары болды.
“Кәсіптік одақтар еңбекшілердің мүдделері мен құқықтарын қорғауға арналған маңызды қоғамдық институт болып табылады. Ал, Аманкелді Таспиховтың алға қойған мақсаттары: ЖОСЫҚСЫЗ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН КҮШЕЙТУ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ, ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕКАҚЫ және ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫН РЕТТЕУ сияқты мәселелер болып табылады. Сондықтан мен осы іс-шараның барлық қатысушылары, барлық Қазақстандықтар сияқты , өздерінің сайлау учаскелеріне келіп, өз болашағы үшін, өз балалары мен немерелерінің болашағы үшін, әрбір отбасының амандығы үшін, біздің мемлекетіміздің өркендеуі үшін, Қазақстан Республикасы деп аталатын біздің туған Отанымыздағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дауыс беретініне сенімдімін. Осының бәріне біздің Президенттікке үміткер Таспихов Аманкелді Сатыбалдыұлы кепілдік бере алады» -деді ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың облыстық қоғамдық штабының жетекшісі К. Жаулин.
Іс-шараға қатысушылар Президенттікке үміткер А. Таспиховты алдағы сайлауда қолдауға дайын екендіктерін білдірді.