Ақмола облысы Кәсіподақ орталығының бастамасымен «Ақмола облысы еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Форум жұмысына Ақмола облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің басшысы Б.Беспалинов, басшы орынбасары Р.Братаева, облыстық салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөнінде облыс кәсіпорындарымен өткізілген жұмыстар туралы Кәсіподақ орталығының төрағасы К.Бекишев мәлімдеді.
Кәсіподақтар сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қауіпсіздік, заңның ұлықтылығына, демократия мен адам құқықтарына, теңдік пен әлеуметтік әділдікке, кәсіпорын мен ұйымдардың құқық және заң негізінде толыққанды қызмет етуіне, олардың экономикалық дамуына күрделі қауіп тудыратынын түсінеді. Дербес салаларда экономиканы шығынға ұшырататын, азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуді тежейтін сыбайлас жемқорлықтың бар екендігі құпия емес. Бұл толық салынып бітпеген немесе сапаға сәйкес келмейтін жолдар, мектептер, ауруханалар мен әлеуметтік-мәдени тұрмыстың басқа объектілері болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары мен қоғамның біріккен күшімен ғана қандай да бір оң нәтижеге қолжеткізуге болады. Кәсіподақтар бұл бағдарды қолдайды, себебі, адамдар өз мәселелері заңнамалық нормалар мен әділдік қағидалары негізінде ғана шешілетін демократиялық және құқықтық мемлекетте тұрғылары келеді.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ҚР кәсіподақтар Федерациясы 2017-2018 жылдарға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру мәселелері жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен серіктестік туралы Бас Келісімге қол қойды. Оны жүзеге асыру іс шаралар жоспары әзірленді.
Ақмолы кәсіподақ орталығы еңбек ұжымдарымен түсіндіру мақсатында кездесулер, бірқатар семинарлар өткізді, ол жерде еңбек ұжымдары ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру туралы мәселе көтерілді, кәсіподақтардың бағдарлары, соның ішінде, жас жұмыскерлерді құқықтық және рухани тәрбиелеуге жәрдемдесу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды құру, тәртіп пен талапты бекіту, әлеуметтік әділдікті сақтау, өндірісті басқаруға жұмыскерлер өкілдерінің міндетті қатысуы айтылды.
Кәсіподақтар тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға ерекше назар бөледі. Жұмыскерлердің түрлі алым-салықтарға, түрлі заңсыз қызметтер мен делдалдықты төлеуге қатыспауларын сұрады.
Отырыс соңында дөңгелек үстел қатысушылары пікір алмасты.