Бүгін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшелері Жамбыл облыстық ауруханасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуде сөз сөйлеген штаб мүшесі – сенімді өкіл Б.Қараулов еңбек ұжымын, яғни кәсіподақ мүшелеріне өз кандидаттарының өмірбаянын айта келе сайлау алды тұғырнамасымен таныстырды және осындай сайлау науқанында азаматтық белсенділік танытып, қолдау көрсетуге шақырды.
Жалпы саны елу адам қатысқан жиында кандидат А.Таспиховтың үгіт-насихат материалдары таратылды.