Бүгін, 14 мамыр күні Тараз қаласындағы №1 емханада ҚР Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың сенімді өкілдері медицина қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде Жамбыл облыстық қоғамдық штабының төрағасы М. Төлепберген медицина қызметкерлеріне ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың өмірбаяны және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Жалпы жиынға 53 адам қатысты.
Кандидаттың еңбек мәртебесін көтеру және еңбек қауіпсіздігін сақтау, лайықты жалақымен қамтамасыз ету сияқты әрбір жұмыскерді толғандыратын мәселелерді қолдау тұрғысында пікір алысылды. Жалпы медицина қызметкерлері кәсіподақтың жаңашылдық бастамасын қолдап, олардың белсенді қызметін оң бағалайтынын білдірді, кездесу өте ықыласты жағдайда өтті.
Емханада 300 –ден астам қызмет атқарады, бастауыш кәсіподақ ұйымы да беделді. Кездесу барасында үгіт-насихат метериалдыр сайлаушыларға таратылды.