15 мамырда Қызылордада облыстық сайлау комиссиясының 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына тіркелген барлық кандидаттардың аймақтағы сенімді өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуде сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарында заңсыздықтарға жол бермеу талаптары талқыланды.