Атырауда үгіт-насихат жұмыстары қарқын алуда

Атырау облысы аумақтық кәсіподақтар орталығы, салалық кәсіподақтар ұйымдарымен бірлесіп ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен таныстыру, үгіт – насихат жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде.

Үгіт-насихат науқаны барысында 400-ден аса іс-шара жоспарланған. Кандидат және оның сенімді өкілдері еліміздің бірнеше өңірлерінде еңбек ұжымдарымен, медицина қызметкерлерімен, ауыл еңбекші жастарымен және басқа да саланың еңбеккерлерімен кездесулер өткізеді.