ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР А.ТАСПИХОВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛДЕРІ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін, үміткердің іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес, Ақтөбе Мұнай және Газ колледжінде Кәсіподақтар Федерациясынан ҚР Президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың сенім білдірген өкілдері оқу орынның еңбек ұжымымен кездесті.

Сенімді өкілдер еңбек ұжымын үміткер Аманкелді Таспиховтың өмірбаянымен және сайлауалды бағадарламасымен таныстырды.

ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың басты мақсат-мұраты – әділдік пен адалдық, адамдардың жақсы өмір сүруі мен құндылықтары. Ол осы бағытта өзінің терең білімі мен мол тәжірибесін сарқа жұмсап келе жатқан білікті азамат.

Сайлауалды тұғырнамасы бес блоктан тұрып, еңбек етіп жатқан халықты жан-жақты қолдау мәселелеріне баса назар аударылды, бұл жосықсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, лайықты еңбекақы төлену, жұмысшылардың еңбек құқын қамтамасыз ету және еңбек миграциясын реттеу болып табылады.

Сенімді өкілдер жиналғандардың сауалдарына жауап беріп, Аманкелді Таспиховтың кандидатурасын қолдауға шақырды.

Жиыңға қатысушылар үміткер Аманкелді Таспиховтың бағдарламасын бір ауыздан қолдап, растау ретінде суретке түсуге өз пікірлерін білдірді.