Қызылордада қоғамдық қабылдау жұмыс жасауда

ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың Қызылорда облысы бойынша қоғамдық қабылдауына Әлихан Меңлібаев есімді зейнеткер келді. Білім саласында қызмет атқарған зейнеткер кәсіподақтардан ұсынылған кандидат А.Таспиховтың өмірбаяны мен сайлауалды тұғырнамасымен мұқият танысты.

«Жастарға жұмыс болса болғаны, сол жұмыста жүріп аман есен жүрсе дейміз, сол мәселелерді көтерген кәсіподақтарды қолдаймын» деп зейнеткер өз пікірін білдірді.​ Қоғамдық қабылдауға арнайы келген зейнеткер Ә.Меңлібаев кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховты қолдап, ​ өзімен бірге жұмыс жасаған замандас-достары арасында үгіт-насихат жүргізу ниетін білдірді.