АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНДЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

Ақтөбе облыстық қоғамдық штабтың төрағасы Алтынбек Аманұлы бастауымен А.Таспиховтың сенімді өкілдері коғамдық қабылдау бөлмесінде азматтарды қабылдады.

Ақтөбенің құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері Б.Айтпембетов және Ж.Қабақпаев атты үміткердің сенімді өкілдері 2 азаматшаны қабылдады. Бірінші азаматша кәсіподақ қозғалысының ардагері денсаулығына байланысты көмек сұрап келген болатын. Аталған азаматшаға арнайы көмек көрсетіліп, сұрағы шешілді. Ал екінші азаматша өзінің болашағын ойлаумен мазасызданып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясынан ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың бағдарламасымен танысу мақсатымен жолығып, толықтай жауап алған болатын.

Сенімді өкілдер өтініш білдірген азаматшалардың сұрақтарына толықтай жауап беріп, сайлауға белсенді қатысып, үміткер Аманкелді Таспиховқа дауыс беруге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, әрбір өтініш берген азамат сұрақтарына жауап ала алады. Үміткердің қоғамдық қабылдауы 12 мамырдан 7 маусымға дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға, ал сенбі күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.