Шалғай ауданында сайлауалды кездесу өтті

Жамбыл облысының ең шалғай аудандарының бірі – Қырғыз елімен шекаралас Қордай ауданынының Цемент зауыты елді мекенінде Кәсіподақтар Федерациясынан Президент сайлауына кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі Б.Қараулов ауыл тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесуде сенімді өкіл тұрғындарға Аманкелді Таспиховтың өмірбаяны мен еңбек жолын баяндай келе, сайлауалды тұғырнамасын егжей-тегжейлі түсіндіріп, мәнін ашып берді. Әрине, бұрын-соңды кәсіподақтардан осындай еліміздегі ең жоғарғы лауазымға ешкім ұсынылмағандықтан, жиналғандардан сұрақтар да түсті.

Сұрақтарға толық жауап берген сенімді өкіл Б.Қараулов өз кандидаттарының тұғырнамасындағы ең басты ерекшелік – қарапайым еңбек адамына деген қамқорлық екенін тілге тиек етті. Кездесу барысында көпшілікке үгіт-насихат материалдары таратылды.