Бүгін Түркістан облысы Сайрам ауданында сайлаушылармен кездесу болып өтті. ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілдері кезекті насихаттық кездесуін ұйымдастырды.
Олар аудандағы АК «Манкент» жипажайындағы қызметкерлермен кездесті. Алқалы кездесуге 50 сайлаушы қатысты.
Басқосуда А. Таспиховтың Түркістан облыстық және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының сенімді өкілдерi барды. Олар Абдурайра Манахов, Тимур Жунисов, Бастарбек Пiрiмбетов, Күлдар Есебаева, Тимур Жунисов сайлаудың саяси маңыздылығына тоқталып, жиналғандарды кандидат А. Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.
Кездесуге қатысушылар кандидат тұғырнамасының бүгінгі таңда өзекті екенін айтып, еңбек адамдарының құқы мен мүддесін қорғау тұрғысындағы мәселелерге орай өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жиналғандар тарапынан түрлі сауалдар жолданды. «Манкент» шипажайынын кызметкерi Бақыт Жалмағанбетова айелдер қауымының зейнеткерлiкке шығу жасын қайта қарау туралы сұрақтар қойды.
Шипажай кызметкері Жанар Макенованың сұрағы білім саласын реформалауға қатысты болды. Салалық кәсіподақ басшылары Абдурайра Манахов, Бастарбек Пiрiмбетов, Кулдар Есебаева аудандық өкілдердің көңілін күпті еткен сұрақтарға жауап берді. Басқосуға арнайы келген көпшілік Қазақстан кәсіподағының қызметін жандандырып, жаңа биікке көтеру мүмкіндіктерін қолдады. Атап айтқанда еңбек қауіпсіздігі мен ұжымдық шарттың әлеуметтік маңыздылығына ерекше ден қойды, кәсіподақтардың ұстанып отырған көзқарастары мен нақты қадамдары сайлаушылар тарапынан қолдау табуына ниет білдірді.