2019 жылдың 18 мамыр күні Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық шипажайында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың сенімді өкілдері Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан келген демалушылармен кездесу өткізді.
Кездесуге 200-ге жуық демалушылар және шипажай қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында сенімді өкілдер Б.Имашев, Қ.Нұрланбаева сөз сөйлеп, А.Таспиховтың өмірбаянымен, сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, алдағы сайлауға жаппай қатысып, азаматтық белсенділік көрсетуге шақырды.
Жиынға қатысушы шипажай қызметкерлері мен демалушылар кандидаттың тұғырнамасында көтерілген еңбек адамының құқы мен мүддесін үшін, кез келген еңбек адамына лайықты еңбек ақы төленуі жөнінде айқындалған қадамдардың өзекті екендігі жайлы пікірлерін білдірді, сенімді өкілдерден сұрақтарына түсіндірмелер алып, үміткердің сайлауалды тұғырнамасына қолдау білдірді. Сонымен қатар демалушылар шипажайдың келешектегі болашағына қызығушылық танытып, сұрақтарына жауап алды.
Жиынға қатысушыларға үгіт-насихат материалдары таратылды. Жиын соңы әсем әндерге ұласты.