Алматы қаласы Наурызбай ауданының №200 мектеп- гимназиясында «Ұстаз» кәсіподағының 20 жылдығына орай «Денсаулық – елдің басты байлығы атты» тақырыбында аудан мұғалімдерінің арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Өз құттықтау сөзінде кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілі, Наурызбай ауданы “Ұстаз” жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы М.А. Сейтасқаров «Жұмыс істейтін шақ, жарқын мәнді болашақ! Кәсіподақ екпіні, болашаққа жол ашпақ!» ұранымен жарысқа қатысушыларға үміткердің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Сонымен қатар, алдағы болатын сайлауда белсенділік танытып, белсенді дауыс беруге шақырды.
Күш – бірлікте! Жұмыс істейтін шақ!