КӘСІПОДАҚТАР КҮШІ – БІРЛІКТЕ!

Саяси науқанда кәсіподақтар өздерінің қоғамдық институт ретіндегі негізгі құндылықтарын ұран еткен кәсіподақтар кандидаты Аманкелді Таспиховты жан-жақты қолдауда.

Қызылорда облысының елді мекендерінде үгіт баспа қағаздары орналастырылып, үгіт-насихат қағаздары таратылуда. А.Таспиховтың сенімді өкілдері ауыл-ауылдарды аралап, тұрғындарды кандидаттың тұғырнамасымен таныстыруда.

Олар кандидаттың тұғырнамасындағы жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға, лайықты жалақы төленуіне, қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға қол жеткізу сияқты негізгі мақсаттарды атап өтіп, сайлаушыларды кәсіподақтар кандидаты А.Таспиховқа дауыс беруге шақыруда.