Қазақстан кәсіподақтары федерациясының үміткері Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қазақ гимназиясында білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларымен, мемлекеттік қызметкерлермен және банк саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағаларымен кездесті. Жиынға қатысушы қызметкерлер кандидаттың тұғырнамасында көтерілген еңбек адамының құқы мен мүддесін қорғау, кез келген еңбек адамына лайықты еңбекақы төленуі жөнінде көрсетілген ұсыныстардың өзектілі жайлы көзқарастарын білдірді, сенімді өкілдер қатысушылар сұрақтарына жауап берді, жиынға қатысушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты.
А.Таспиховтың сенімді өкілі, Қызылорда облысы бойынша ауыл шаруашылығы салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Берік Бисембаев Қазалы ауданында «Агро-Өркен» серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті. Егіс алқабында өткен кездесуде Б.Бисембаев еңбеккерлерді кандидат А.Таспиховтың өмірбаянымен, атқарған қызметі және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. «Агро-Өркен» ЖШС басшысы Н.Алиев кандидат тұғырнамасы бойынша пікір білдіріп, шаруашылық жұмысшыларын сайлауда белсенді болуға шақырды. Сенімді өкілдер Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы өкілдерімен де кездесті.
Басқосуда кәсіподақ өкілдері «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБФ төрағасы Г.Сахиповтың кәсіподақ қызметі туралы есебін тыңдап, қабылдады және салалық кәсіптік одақтың өкілі Г.Саберлиноваға сұрақтарын қойды. Шара барысында А.Досмақов үміткердің өмірбаяны мен еңбек жолы туралы естеліктерімен бөлісті, үміткердің сенімді өкілі Г.Сахипов А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасы туралы айтып, құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының кәсіподақ өкілдерін кәсіподақ атынан президенттікке үміткер А.Таспиховқа дауыс беруге шақырды.