2019 жылы 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында кәсіподақтардан ұсынылған Аманкелді Таспиховтың кандидаттығын қолдау үшін Қызылорда облысының Сырдария аудандық қоғамдық штабы құрылып, жұмыс жасауда. Штабқа Тереңөзек кентінің №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі кәсіподақ ұйымы төрайымы Жанна Саркеева басшылық жасайды.
Аудан орталығында штабтың жиыны өткізіліп, жиынға аудандағы сенімді өкілдер, білім саласы кәсіподақ ұйымдары, құрылыс саласы мекемелері кәсіподақ ұйымдарының белсенділері жиналды.
Кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі, облыстық құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласы кәсіподақ ұйымы төрағасы Серік Мырзаханов жиынға қатысушыларды кандидаттың өмірбаяны мен тұғырнамасымен таныстырды. Жиында Кәсіподақтар қозғалысының қағидаттары негізінде жасалған кандидат А.Таспиховтың тұғырнамасы бойынша жиынға қатысушыларға түсіндірмелер жасалып, ой алмасылды.
Сонымен қатар, қоғамдық штаб мүшелеріне негізгі міндеттері түсіндіріліп, үгіт насихат жұмыстары жүргізілу тәртіптері талқыланды. Қазірде, кент орталығы мен ауданға қарасты ауылдық мекендерде үгіт материалдарын орналастыру, тарату жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.