Республикамыздың әр өңірінде ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Атырау облысында үгіт топтары өңірлерге шығып, сайлаушылармен кездесуде. ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілі И.Альмурзина бастаған еріктілер Атырау облысы Махамбет ауданында үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр.