Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық комитетіне қарасты Қарғалы аудандық кәсіподақ комитетінен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілі Айтпаева Бағдагүл аудан орталығы Бадамша ауылында үгіт жұмыстарын бастап кетті.
Сенімді өкіл бірнеше мекемеде болып, А.Таспиховтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар ауыл тұрғындарына көрнекі үгіт материалдары таратылды. Аталған жұмыс ауылдық округтерде жалғасын табуда.