Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының Мұғалжар аудандық кәсіподақ комитетінен ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілі Салтанат Сұлтанова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
А.Таспиховтың сенімді өкілі Қандыағаш белгі беру және байланыс дистанциясы мен Мұғалжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұжымдарының қызметкерлері арасында кандидаттың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, тұғырнамада тиек етілген маңызды мәселелер бойынша ақпаратпен бөлісті.
Сондай-ақ, С.Сұлтанова аудан орталығында орналасқан бірнеше әлеуметтік, сауда нысандарын аралап, келушілердің назарына ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспихов туралы таратпа материалдарын ұсынып, оларды сайлауға белсенді қатысып, кандидатты қолдауға шақырды. «Нұр» сауда үйі, Қандыағаш теміржол вокзалы және халыққа қызмет көрсету орталығын аралаған сенімді өкілдің үгіт-насихат жұмыстары еліміз үшін маңызды сайлау науқанына сәйкес жалғасады.