Бүгін кәсіподақтардан кандидат Аманкелді Таспихов елордамыздағы “Астана қалалық жарық” мекемесі жұмыскерлерімен кездесті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы және қалалық кәсіподақ орталығының қолдауымен өткен іс-шараны осы мекеменің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.
“Астана қалалық жарық” мекемесі – елордадағы ең ірі мекемелердің бірі. Осы кездесуге жүзге жуық жұмыскерлер қатысты. Олар кандидат Аманкелді Таспиховтың тұғырнамасында көрсетілген мәселелермен танысты, ашық пікір алмасу болды.
Кездесу барысында Аманкелді Сатыбалдыұлы көптеген жұмыс берушілер тарабынан шешілмеген мәселелердің бар екендігін айта отырып, осы жайттарды реттеу жолдарын қарастырды. Қызықты пікір алмасуға ұласқан кездесу сұрақтарға жауап берумен аяқталды.