Бүгін, 21 мамырда Қаратау қаласындағы балалар өнер мектебінің акт залында ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша қоғамдық штабының төрағасы және сенімді өкілдері Қаратау қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді.
Кездесуге 120-дан астам сайлаушы қатысты.
ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша қоғамдық штабының жетекшісі М. Төлепберген үміткердің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, еңбек адамы және еңбек қатынастарының мәдениетін қалыптастыру жолындағы нақты қадамдары туралы әңгімелеп берді.
Қазақстан кәсіподағын абырой-беделін көтеру және кәсіподақ қызметінің әрбір еңбек адамының мүддесінен табылу үшін қолға алынып жатқан мәселелерін жеткізді. Сайлаушылар кәсіподақтың күші бірлікте екенін өз пікірлерінде атап өтті.