Медицина қызметкерлері еңбек мәртебесін бағалайды

Бүгін, 21 мамырда Талас аудандық Орталық аурухана ұжымына ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасы кеңінен таныстырылды.

Аймақтық штабтың жетекшісі М. Төлепберген кандидат тұғырнамасында көрсетілген бағдарламалық мәселелердің өзекті екенін әңгімелеп берді.

Кездесуге 150-ден астам сайлаушылар қатысты.

Ақ халатты абзал жандар жалпы кәсіподақтың жаңғыру жолында екенін толық сезінеді, әлеуметтік бастамаларды қолдайды. Түрлі сұрақтар қойылып, еңбек адамына қамқорлықтың мәртебесін арта түскенін қалайтынын жеткізді.

Штаб белсенділері қала жұртшылығына үгіт-насихат материалдарын күні бойы таратты.